Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Сарайшықта қазба жұмыстары басталды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Сарайшық музей-қорығының 2021-2023 жылдарға арналған

«Қазақстанның батыс өңіріндегі алтынордалық қалалар, көне керуен жолдары және керуен-сарайлар: пәнаралық зерттеулер (ХІІІ-ХV ғғ.)» жобасын жүзеге асыру мақсатында ортағасырлық Сарайшық орнында археологиялық қазба жұмыстары басталды. Жоба жетекшісі, т.ғ.д., профессор Ұ.Т. Ахметова. Қазбаға музей-қорық археологтары А. Тұрарұлы, А. Жұмабаев, суретші-реставратор О. Кендір қатысуда. Алдағы уақытта жобадағы шетелдік әріптестер де шақырылмақ. Мақсат – ортағасырлық қаланың Ұлы Жібек жолындағы атқарған ролін жаңа деректермен толықтыру болмақ.