Сарайшықта Ғылыми Кеңестің алғашқы отырысы болды

17 наурызда «Сарайшық» музей-қорығы Ғылыми Кеңесінің ағымдағы жылдағы №1 отырысы өтті.
Ғылыми Кеңес мүшелері: өлкетанушы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Төлеген Жаңабайұлы, т.ғ.к., сарайшықтанушы Жеңісбек Мұстафин, өлкетанушы, Қазақстанның құрметті журналисі Өтепберген Әлімгереев, т.ғ.д. Аққали Ахмет, т.ғ.д. Ұлжан Ахметова, Атырау облысы Тарихи мәдени мұраны зерттеу орталығының басшысы, магистр Мұқамбетқали Кипиев, Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрғали Аруев және музей-қорықтың ғылыми қызметкерлері 2020 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындыларын, 2020 жылғы Ғылыми кеңес шешімдерінің орындалу барысы, 2021 жылы жұмыс жоспарын талқылады. Сондай-ақ, Қасым ханның Сарайшықта жерленгеніне 500 жылдығына байланысты іс-шаралар, имидждік өнімдер: флаерлар, жинақтар, брошюралар, көне карталар шығару мәселелері, Сапар орталығы мен музей-қорық сайтын модернизациялау, экскурсия мәтіндері мен графикалық эскиздер талқыланды.




