Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Сарайшықта археологтар бас қосты

Бүгін музей-қорыққа ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының қызметкерлері – тарих ғылымдарының кандидаты Д.А. Талеев, кіші ғылыми қызметкер Н.Б. Нұрғали, сондай-ақ Ресей Федерациясы Татарстан Республикасы Ғылым академиясының А.Х. Халиков атындағы Археология институты Ортағасырлық археология бөлімінің ғылыми қызметкерлері С. Курочкина және Я. Логинов келді.

Ғалымдар ортағасырлық Сарайшық қаласының археологиялық нысандарымен танысып, тарихи-мәдени мұраны зерттеу, сақтау және ғылыми тұрғыдан зерделеу бағыттары бойынша пікір алмасты.

Ғылыми ынтымақтастықты нығайту – Сарайшықтың тарихын тереңірек зерттеп, оның Ұлы дала өркениетіндегі орнын айқындауға маңызды мүмкіндік береді.