Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Сарайшық жәдігерлері симпозиумда

Сарайшық жәдігерлері симпозиумда

Астана қаласындағы Тәуелсіздік Сарайында “Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі ретінде: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік” халықаралық ғылыми симпозиум аясында ауқымды көрме ұйымдастырылды. Шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы келіп, Алтын Орда дәуірінің теңдессіз тарихи мұраларымен танысты. Көрменің мәні мен маңызын, бірегей жәдігерлердің тарихын Президентке ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек баяндады.

Қазақстанның ең беделді 21 ғылыми-мәдени ошақтарымен бір қатарда Алтын Орданың ұлы тарихын паш етуде “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының да бірегей, құнды жәдігерлері көрмені тамашалаушылар назарына ұсынылған. Оның ішінде:

🔹 Көздің жауын алар көне әшекейлер;

🔹 Сауда-саттықтың белгісі мыс және күміс тиындар және тиынсауыттар;

🔹 Дәрі-дәрмек немесе бағалы сүйықтықтар сақтауға арналған альбарелло ыдысы;

🔹 Алтын Орда аруларының қола айнасы;

🔹 Бағзы заман шеберінің қолынан шыққан жылқы бейнелі әшекейлі құлып, т.б. артефактілер бар.

Осындай ауқымды халықаралық жобаға атсалысу “Сарайшық” музей-қорығы үшін зор мәртебе.