“Сарайшық туралы кім көп біледі” конкурсы қорытындысы
2020 жылғы 22-27 сәуір аралығында «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының Фейсбук және Инстаграм парақшаларында «Сарайшық туралы кім көп біледі?» атты конкурс ұйымдастырылған болатын. Осы конкурсқа қатысқан достарымызға алғыс білдіреміз. Конкурс қорытындысы бойынша 3 орынды иеленген Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебінің 4 “б” сынып оқушысы Еркін Камила марапатталды.





