Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Сарайшық туралы халықаралық симпозиумның пленарлық отырысы өтті

Сарайшық туралы халықаралық симпозиумның пленарлық отырысы өтті

Атырауда өтіп жатқан «Шығыс пен Батыс тоғысқан Сарайшық: Ұлы даладағы тарих және мәдениет» халықаралық ғылыми симпозиумы аясында пленарлық отырыс ұйымдастырылды.

Отырысқа Қазақстан, АҚШ, Түркия және Ресейдің жетекші ғалымдары қатысып, Сарайшықтың тарихи мұрасы, Алтын Орда кезеңіндегі саяси, экономикалық және мәдени үдерістер, сондай-ақ археология, реставрация, керамика өнері мен тарихи мұраны сақтау бағыттарындағы зерттеу нәтижелерімен бөлісті.

Пленарлық отырыста:

• Висконсин–Мэдисон университетінің профессор-эмеритусы, Назарбаев Университетінің профессоры Юлай Шамильоглу;

• «Қазқайтажаңарту» РМК бас директоры, т.ғ.к. Олжас Шариязданов;

• Ресей Ғылым академиясы Шығыстану институтының профессоры, т.ғ.д. Александр Қадырбаев;

• Анкара университетінің профессоры, PhD Мухаррем Чекен;

• Архитектура докторы Мехрибану Глаудинова;

• ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Зиябек Қабылдинов;

• Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының бас директоры, т.ғ.к. Ақан Оңғар;

• ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі, т.ғ.к. Дмитрий Воякин;

• Жошы Ұлысын зерттеу институтының директоры, PhD Жақсылық Сәбитов баяндама жасады.

Пленарлық отырыс Сарайшықтың халықаралық ғылыми зерттеудегі орнын айқындап, өзекті ғылыми мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.