Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

“Сарайшық: Тарихқа тұнған туған өлке” тақырыбында облыстық суретшілер мен қолөнершілер байқауы

“Сарайшық: Тарихқа тұнған туған өлке” тақырыбында облыстық суретшілер мен қолөнершілер байқауы

Махамбет аудандық әкімдігі мәдениетті дамытуға әркез баса назар аударып, талантты тұлғаларды қолдауға бағытталған іс-шараларды ұдайы түрде ұйымдастырып келеді. Былтыр облыс суретшілері арасында “Ортағасырлық Сарайшық: Қазақ Елінің астанасы” атты суретшілер байқауын өткізсе, биыл соның заңды жалғасы ретінде “Сарайшық: Тарихқа тұнған туған өлке” тақырыбында облыстық суретшілер мен қолөнершілер байқауын өткізу жоспарланған.
“Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы мен Махамбет ауданы әкімдігінің бірлескен жобасы – Алтын Орданың 750 жылдығына орай “Сарайшық: Тарихқа тұнған туған өлке” атты облыстық суретшілер мен қолөнершілердің байқауына жас суретшілер мен қолөнершілер де, кәсіби суретшілер мен қолөнершілер қатыса алады. Байқау қорытындысы 2020 жылдың қазан айында шығарылады.