Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

«Сарайшық: Тарихқа тұнған туған өлке» тақырыбында ІІ облыстық суретшілер мен қолөнершілер байқауы

«Сарайшық: Тарихқа тұнған туған өлке» тақырыбында ІІ облыстық суретшілер мен қолөнершілер байқауы

2020 жылғы 15 қазанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Сарайшық мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК Махамбет аудандық әкімдігімен бірлесе Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың Алтын Орданың 750 жылдығын жоғары деңгейде атап өту тапсырмасын іс жүзіне асыру мақсатында «Сарайшық: Тарихқа тұнған туған өлке» тақырыбында ІІ облыстық суретшілер мен қолөнершілер байқауын өткізді. Байқауға облыс көлеміндегі кәсіби суретшілер мен қолөнершілер қатысты. Көрме биыл екінші рет өткізілді. Нәтижесінде музей қорық қоры 9 көркемсурет туындысы және 5 қолөнер бұйымдарымен толықты.