“Сарайшық. Тарихқа тұнған туған өлке” облыстық сурет байқауы

Бүгін, «Сарайшық» музей-қорығында «JARQYN BOLASHAQ» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Атырау облыстық суретшілерінің арасында “Сарайшық. Тарихқа тұнған туған өлке” облыстық сурет байқауы өтті. Байқаудың ашылуында алғы сөзді Махамбет аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Н. Аруев пен «Сарайшық» музей-қорығының директор орынбасары Ж. Диярова сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, әділқазылар алқасында музей-қорықтың суретші-қайта қалпына келтіру маманы О. Кендір болды. Шара соңында қатысушылар марапатталды.





