Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

“Сарайшық” музей-қорығының көрмесі өтуде

“Сарайшық” музей-қорығының көрмесі өтуде

Бүгін “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының Қазақстан халықтары ассамблеясының Атырау облысы әкімдігі “Қоғамдық келісім” КММ-де “Ғасырларды жалғаған қол еңбегі” атты көрмесі басталды. Шараның ашылу салтанатында өлкетанушы Өтепберген Әлімгереев, Ұйғыр этномәдени бірлестігінің басшысы Гулназ Амирова, музей-қорық басшысының орынбасары Айбек Тұрарұлы сөз сөйлеп, көрме жұмысына табыс тіледі.