«Сарайшық» музей-қорығының ғалымдары Маджар қаласының орнында

«Сарайшық» музей-қорығының ғалымдары Ресей Федерациясының Ставрополь өлкесіне қарасты Будённый қаласында орналасқан, өз дәуірінде Солтүстік Кавказдағы ірі Алтын Орда орталығы болған Маджар қаласының орнында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу жұмыстары барысында музей-қорық мамандары алдымен Будённый қалалық тарихи-өлкетану музейіне барып, ондағы жинақталған жәдігерлермен танысты. Одан кейін Маджар қаласының тарихын зерттеуші, археолог, тарих ғылымдарының кандидаты Юрий Дмитриевич Обуховпен бірлесіп, әрбір жәдігерге ғылыми талдау жасалды. Уақыт өте келе зерттеу тобы Маджар қаласының тарихи орнына барды. Алайда қазіргі таңда бұл аумақта толыққанды археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан жоқ.
![]() |
![]() |





