Сарайшық музей қорығының 2025 жылғы ғылыми-зерттеу бағытындағы жетістіктері

1. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2024-2025 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі «Алтынордалық Сарайшық, Ұшқан, Ащысай, Қарағайлы ескерткіштері тарихи-мәдени мұра контекстісінде (ХІІІ-ХV ғғ.)» бағдарламасы (Ғылыми жетекшісі т.ғ.д., қауымдастырылған профессор Ұлжан Ахметова) толық жүзеге асырылып, сараптамадан 28 баллға ие болып, 2025 жылдың 18 желтоқсанында өткен Ұлттық Ғылыми Кеңестің №17 отырысымен мақұлданды.
2. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2023-2025 жылдарға гранттық қаржыландыру бойынша «Астаналық Сарайшық қаласы Жошы Ұлысының тарихи-мәдени мұра контекстісінде (ХІІІ-ХVІ ғғ.)» ғылыми жобасы (Ғылыми жетекшісі т.ғ.д., профессор Әбілсейіт Мұқтар) толық жүзеге асырылып, сараптамадан 29 баллға ие болып, 2025 жылдың 18 желтоқсанында өткен Ұлттық Ғылыми Кеңестің №17 отырысымен мақұлданды.
3. Бұрын ғылыми айналымға шықпаған «Алтынордалық Қарағайлы, Ұшқан, Ащысай қалалары: тарихы және археологиясы» 12 баспа табақ монографиясы жарияланды.
4. 2 мақала жоғары импакт факторлы СКОПУС базасындағы – «Поволжская археология» басылымында (1 квартиль, процитель 81) жарияланды.
5. 3 мақала ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тізіміндегі журналдарда жарық көрді.
6. 2025 жылы 17-18 қарашада Атырау қаласы мен Сарайшықта ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі және Атырау облысы әкімдігі қолдауымен «Шығыс пен Батыс тоғысқан Сарайшық: Ұлы даладағы тарих және мәдениет» атты халықаралық ғылыми симпозиумы өткізілді. Симпозиумге Қазақстан мен АҚШ, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Ресейден, ЮНЕСКО және ИСЕСКО, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы, ТҮРКСОЙ халықтары Академиясының өкілдері, жетекші ғалымдары қатысты.
7. 2025 жылы Сарайшық археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарына Түрік Республикасының Анкара университетімен ортағасырлық маман, археолог Мухарем Чекен, 6 тарихшы бакалавр, магистр қатысты.
8. Сарайшық ғалымдары 2025 жылы шілде-тамыз айларында Жошы Ұлыстық Қажы-Тархан–Селитренный-Сарай-Бату-Гүлістан-Бельджемент-Үкек-Мохша-Азау-Маджар қалалары орындарына арнайы экспедиция ұйымдастырып, Ресей археологтарымен кездесті. Нәтижесінде қалалар материалдары Сарайшықпен салыстырылды.
9. 2025 жылы 2-12 тамыз аралығында Сарайшық археологтары А. Тұрарұлы, Ж. Байғалиев, А. Жұмабаев Ресей Федерациясындағы Жошы Ұлысының астанасы — Сарай-Бату қаласы орнындағы археологиялық қазба жұмыстарына қатысып, тәжірибе алмасты. Ғылыми жетекшісі белгілі археолог, тарих ғылымдарының докторы Е. Пигарев.



