Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

«Сарайшық» музей-қорығында Ғылыми кеңес отырысы өтті

«Сарайшық» музей-қорығында Ғылыми кеңес отырысы өтті

«Сарайшық» музей-қорығының жылдық жоспарына сәйкес жыл басына жоспарланған Ғылыми кеңес отырысы Атырау облысында жарияланған төтенше жағдайға байланысты кейінге шегеріліп, бүгін өткізілді. Ғылыми кеңестің күн тәртібінде бас қор сақтаушы О.Сағынбаева Бұрыңғы музей ғимаратындағы экспозицияны жаңа этнографиялық музей экспозициясына жасақтау мәселелері жөнінде, музей-қорық директоры, т.ғ.д., профессор Ә.Мұқтар, т.ғ.д., профессор У.Ахметова Ғылыми бағдарлама, жобаның орындалу барысы туралы, бас инспектор А.Тұрарұлы 2024 жылғы археологиялық қазба жұмыстары, далалық экспедициялар барысы туралы талқыға салды. Сонымен қатар, ағымдағы мәселелер бойынша директор орынбасары Ж.Диярова Америка Құрама Штатындағы тәжірибе алмасу және нәтижелері жөнінде, ғалым хатшы А.Жумабаев “Ортағасырлық Сарайшық: тарихи деректері, археологиясы, нумизматикасы, картографиясы” монографиясын баспаға беру; бас инспектор А.Тұрарұлы ” Музей экспонаттарын жетекші шетел реставрациялық зертханаларында консервациялау және қалпына келтіру” жобасы туралы мәселелер қаралды. Кеңес отырысына Ғылыми кеңес мүшелері Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР Үздік өлкетанушысы Төлеген Жаңабай, э.ғ.д., профессор, өлкетанушы Бақтыбек Таубаев, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры, т.ғ.д., Ұлжан Ахметова, т.ғ.к., профессор Жеңісбек Мұстафин, а.ш.ғ.д., Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры, Биология, геоэкология және құрғақ жемшөп өндірудің ғылыми-өндірістік орталығының жетекшісі Болат Мұхамбетов, т.ғ.к., Атырау облысы Білім саласына қатысты бірлескен кәсіподақтар төрағасы Қылышбай Сүндетұлы, Сарайшық ауыл ардагерлері Нығмет Құрмашев, а.ш.ғ.к. Бағыт Айдашев, Қабіржан Амиров және музей-қорық қызметкерлері қатысты.

Отырыста Ғылыми кеңес мүшелері мен қатысушылар мәселелерді жан-жақты талқылап, өз ұсыныстарымен де бөлісті.