Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

«Сарайшық» музей-қорығында ақпараттық бұрыш ашылды

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында газет-журналдарға арналған жаңа ақпараттық бұрыш ашылды.

Енді музей-қорыққа келушілер арнайы ақпараттық үстелден республикалық, облыстық және жергілікті мерзімді басылымдармен танысып, елімізде және өңірде болып жатқан жаңалықтардан хабардар бола алады.

Ақпараттық бұрыштың басты мақсаты – келушілердің мерзімді басылымдарға деген қызығушылығын арттыру, тарихи-мәдени және қоғамдық ақпараттарды кеңінен насихаттау.

Музей-қорыққа келіңіз, тарихпен танысып, жаңа ақпаратпен сусындаңыз!