Сарайшық музей-қорығына «Babalar izimen» экспедициясы келді

2020 жылдың 7 қазанда «Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Инфо орталық» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «Babalar izimen» атты экспедициясы келді. Экспедиция “Birgemiz” жалпыұлттық волонтерлік жобасының “Asyl mura” бағыты бойынша Атырау облысының Махамбет, Индер, Жылыой аудандарының тарихи-мәдени орындарын араламақ. Волонтерлар жылы аясында ұйымдастырылған экспедицияның құрамында елімізге белгілі блогерлер Өркен Кенжебек пен Яков Федоров, «Аtyrau» телеарнасының директоры Қанат Әуесбай, “Туған жер” балалар туризмі, экология және өлкетану клубының жетекшісі Гүлжан Елешова және Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің экскурсоводы Айдана Мурсалимова, бір топ жергілікті жас тарихшылар, белсенді жастар мен волонтерлар бар. Экспедиция мүшелері ортағасырлық Сарайшық орнында және музейде қала тарихымен танысып, музей-қорық ауласына естелікке атаулы ағаштарын отырғызды.




