Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

«Сарайшық» музей-қорығы Жапония елшісін қабылдады

«Сарайшық» музей-қорығы Жапония елшісін қабылдады

Сарайшық» музей-қорығына Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ямада Джун, Жапонияның Қазақстандағы Елшілігінің бірінші хатшысы Кобаяси Такасигэ және “Tokyo Rope Almaty” ЖШС коммерциялық директоры Ешихаро Цуцуми келді.
Келген қонақтарға музей-қорықты, ортағасырлық Сарайшық тарихын музей-қорық экскурсоводы А.Шеркешбаева ағылшын тілінде таныстырды. Толыққанды экскурсиядан кейін Жапония елшісі музей-қорық директоры Ә.Мұқтармен кездесті. Мекеме басшысы арнайы келген қонақтарға алғысын білдіріп, екі ел арасындағы тарихи-мәдени келісімнің тарихи рөліне тоқталып, ынтымақтастықтың келешегін, оның ішінде музей-қорықпен байланыстың маңыздылығын атап өтті.