Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

«Сарайшық» музей-қорығы «TORUS» ЖШС-мен ақпараттық технология саласында әріптестік байланыс орнатты

«Сарайшық» музей-қорығы «TORUS» ЖШС-мен ақпараттық технология саласында әріптестік байланыс орнатты

«Сарайшық» музей-қорығы гранттық қаржыландыру бойынша «ГУЛАГ жүйесіндегі Прорва және Астрахань лагерлері: «тарих, естелік, тағылым (1932-1950 жж.)» жобасын жүзеге асыру мақсатында еліміздегі танымал IT-компаниялардың бірі «TORUS» ЖШС-мен байланыс орнатты.

«TORUS» ЖШС жаңа ІТ технологияларды қолдану мен оны түрлі салаларға енгізу бағытында өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған мекеме. Сонымен бірге «TORUS» музей-қорықтың веб-сайтын модернизациялауға, 3D модельдеу, имидждік өнімдер дайындауға және мамандардың білімін жетілдіруде де көмек қолын созуда. Өзара бірлескен жобалар интернет қолданушылары мен музей-қорыққа келушілерге Сарайшықтың бай тарихын көрсетуде үлкен мүмкіндіктерге жол ашады.