Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

«Сарайшық» музей-қорығы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві меморандумға қол қойды

Нұр-Сұлтан қаласында «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» мен ҚР Ұлттық архиві бірлесе ұйымдастырған «Сарайшық – Ұлы Дала мұраты: мемлекеттілік және тарихи сабақтастық» атты дөңгелек үстел соңында қос мекеме арасында әдістемелік және ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелілігін арттыру үшін өзара ынтымақтастық келісімшарты жасалды. Меморандумның мақсаты – Қазақстан Республикасы жетістіктерінің нәтижелерін насихаттау, екі мекеме арасында өзара түсіністікті қолдау және ғылыми-зерттеу аясында ынтымақтастықты дамыту.