Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

“Сарайшық” музей-қорығы Елбасы кітапханасында өткен конференцияға қатысты

“Сарайшық” музей-қорығы Елбасы кітапханасында өткен конференцияға қатысты

2021 жылғы 24 ақпанда “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы қызметкерлері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы және ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты ұйымдастырған «Ұлы дала және Қазақ мемлекеттілігі: жаңаша ой мен тың көзқарас» халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясына қатысты. Конференцияға отандық және шетелдік тарихшы ғалымдар, ЖОО оқытушылары, докторанттар мен магистранттар қатысты. Олардың қатарында Висконсин университетінің  құрметті профессоры Юлай Шамилоглу (АҚШ), Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Зайнолла Самашев, Түркі әлемі институтының директоры, саясаттану факультеті Халықаралық қатынастар бөлімінің қауымдастырылған профессоры (доцент) Мерием Хаким (Түркия), ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының бөлім басшысы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ғани Қарасаев, Ресей ІІМ Уфа заң институты Мемлекет және құқық тарихы мен теориясы кафедрасының профессоры, Башқұртстан мемлекеттік университетінің Ресей тарихы, деректану және тарихнама кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Роза Буканова (РФ, Уфа), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Мақсат Алпысбес, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, PhD Жақсылық Сәбитов, т.б. баяндамалары оқылды.