“Сарайшық” музей-қорығы директоры Ә. Мұқтар Алматы қаласында өткен конференцияда баяндама жасады
Кеше, сағат 10:00-де (Атырау уақытымен) Алматы қаласында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ұйымдастыруымен Алтын Орданың 750 жылдығына арналған
«Ұлы даланың тарихи-мəдени кеңістігіндегі Жошы Ұлысының (Алтын Орданың) маңыздылығы мен рөлі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-теориялық онлайн-конференциясы өтуде. Конференцияға Ұлттық Академия ғалымдары, қоғам қайраткерлері және шетелдік әріптестер қатысуда. Конференцияда Сарайшық музей-қорығы директоры, т.ғ.д., профессор Ә.Мұқтар “Қазақ хандары саясатындағы ортағасырлық Сарайшық” тақырыбында баяндама жасайды. Тыңдауға шақырамыз.





