Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

“Сарайшық” музей-қорығы белді ғалыммен байланыс орнатты

“Сарайшық” музей-қорығы белді ғалыммен байланыс орнатты

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы халықаралық байланыстарды жандандыру мақсатында Татарстан Республикасы Ғылым Академиясының А.Х. Халиков атындағы Археология институтымен ынтымақтастық келісімшарты жасалған болатын. Осы мекеменің ғылыми қызметкері, археолог, тарих ғылымдарының кандидаты Евгений Михайлович Пигарёв музей-қорықпен әрдайымда тығыз байланыста.

Алтын Орда тарихының маманы Е.М. Пигарёв өз еңбегінде Сарайшық қаласын Жошы ұлысының астанасы ретінде: «на первом этапе (1242/43 – 1313 гг.) в ходе оформления и обустройства ханского домена, в междуречье Волги и Урала появляются два, собственно золотоордынских, города – Сарай (Сарай ал-Махруса) и Сарайчук, обладавшими административными столичными функциями. Оба города находились на местах речных переправ, что позволяло вести контроль над международной торговой магистралью», – деп келтірген.

Ғалым 2020 жылы «Сарайшық» музей-қорығына «Селитренное городище: история исследований» монографиясын тарту еткен болатын. Биыл бұл үрдіс жалғасын тауып, т.ғ.д. Ю.А. Зеленеевпен бірлесе жазған «Селитренное городище: археологические исследования на бугре Больничном в 2014–2016 годах» атты монографиясы музей-қорықтың кітапханасын толықтырды.

«Сарайшық» музей-қорығының ғалымдары т.ғ.к., археолог Е.М. Пигарёвпен бірлесе «Ортағасырлық Сарайшық энциклопедиясы (ХІІІ-ХVІ ғғ.)» атты жобаны дайындап, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі жариялаған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсына ұсынған болатын.