Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Сарайшық көркейіп келеді

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ұжымы «Хан моласы» қазбасындағы зерттеу жұмыстарына Атырау облысының әкімі Махамбет Жолдасқалиұлы Досмұхамбетовтың қолдау көрсеткені үшін өз ризашылығы мен алғысын білдіреді. Музей-қорық ұжымы атынан алдағы жұмыстарыңызға табыстар тілей отырып, ортағасырлық Сарайшық қаласына қатысты көптеген жобаларды бірлесе атқарамыз деген сенімдеміз. Былтыр музей-қорық қызметкерлері 1861 жылы әскери топограф А.Е. Алексеевтің Сарайшық қаласының сызба-картасында белгілеген «Хан моласы» орнына археологиялық қазба жұмысын жүргізген болатын. Ол жерде «Хан моласы» болғаны жөнінде халық аузында айтылатын этнографиялық материалдар да растады. Бірақ қазба орнында анықталған ерекше қабірхананы түгелдей ашып, қазбаны кеңейту үшін осы маңда жерленген ескі бейіттер кедергі келтірген еді. Облыс әкімінің қолдауымен қазба айналасындағы 20 бейіт басқа зиратқа көшіріліп, қайта жерленді.