Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Сарайшық қаласы цитаделінің солтүстік қақпасын қайта қалпына келтіру жұмыстары жоспарлануда

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ортағасырлық Сарайшық қаласы цитаделінің солтүстік қақпасын қайта қалпына келтіру жұмыстарын қолға алды. Нысанды қалыпқа келтіру жұмыстарымен “Қазқайтажаңарту” РМК-ның өтінімі бойынша “Қазархеология” ЖШС-і айналысады. Осы жұмыстар барысында 30 маусымда “Қазархеология” ЖШС директоры, т.ғ.к., археолог Жұман Егінбайұлы Смаилов арнайы ортағасырлық Сарайшық қаласы орнында болашақ жүргізілетін жұмыстар ауқымымен танысып, “Сарайшық” музей-қорығы археологтарымен кеңесті. Жақын күндерде қалпына келтіру жұмыстарын бастау жоспарланды.