Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Сарайшық қалашығының тарихын кешенді зерттеу

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің “Жошы ұлысын зерттеу” ғылыми институты «Сарайшық қалашығының тарихын кешенді зерттеу» гранттық жобасы аясында Сарайшықта қазба жұмысын жүргізуде. Қазба жұмысының мақсаты – алтынордалық нысандарды анықтап, кешенді зерттеу болып табылады. Жоба жетекшісі: археолог, PhD Сырым Есен. Зерттеу жұмыстарына жобаның ғылыми қызметкерлері Әли Әкімбекұлы, Қызырханов Мейржан және Сарайшық музей-қорығының археологтары қатысуда.