Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

“Сарайшық” экспедициясы Азов қаласында

“Сарайшық” экспедициясы Азов қаласында

Экспедицияның 9-ыншы күні “Сарайшық” музей-қорығы ғалымдары Азов қаласына келіп жетті. Бұл қаланың бай тарихы бар. Бұл өзінің бастамасын ортағасырларда ХІІІ ғасырға дейін-ақ белгілі болған қалалардың бірі. Бірақ, гүлдену кезеңі, Еуропа мен Азияның байланыс кезеңі ХІІІ-XIV ғасырлар деуге болады. Деректер бойынша қала Алтын Орданың бірінші ханы Меңгу-Тимурдың (1266-1282) тұсында қаланған. Қаланың тарихы Азов қаласындағы тарихи музейде жинақталған. Музейдің археология бөлімінде ғана 40 тан үстінде ғылыми қызметкерлер жұмыс жасайды. Бірақ бұл қаланың да өзіндік ерекшелігі бар. Бір сөзбен айтқанда қаланың үстіне қала салынған. Бүгінде Азов қаласында жүріп жатырған археологиялық қазбалар қазба жұмысы аяқталғаннан кейін, есебі жинақталғаннан соң, кейінге жоспарланған құрылыс жұмыстары жалғаса береді. Азов музейінің археологы, т.ғ.к. Андрей Масловскийдың айтуынша, осы музейдің айналасындағы көпқабатты үйлер қазба үстіне түскен. Осы жылы біз жекеменшік үйдің ауласындағы қазба орнында болдық. Әрине, ол жерлерде де толып жатқан алтынордалық жәдігерлер көзге байқалмайды. Бірақ, қыш кірпіштердің сынықтары, керамика бөліктері, алтынордалық тиындар кездеседі. Қорытындылай келгенде, Азов қаласы үлкен керуен жолында орналасып, сауда-саттықтың нағыз орталығы болды.