Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

«Сарайшық: археологиялық зерттеулер, жаңа деректер және тарихи пайым» дөңгелек үстел

«Сарайшық: археологиялық зерттеулер, жаңа деректер және тарихи пайым» дөңгелек үстел

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті және Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Сарайшық: археологиялық зерттеулер, жаңа деректер және тарихи пайым» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараны т.ғ.д., профессор Ә. Мұқтар модератор ретінде жүргізіп, дөңгелек үстелдің маңызына жан-жақты тоқталды. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің басқарма төрағасы – ректоры Саламат Идрисов алғы сөз сөйлеп, Сарайшықтың әлем тарихындағы ерекше орны мен маңызын атап өтіп, дөңгелек үстел жұмысына сәттілік тіледі.

Дөңгелек үстелде Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Улжан Ахметова «Сарайшық» музей-қорығының ғылыми жобалар мен бағдарламаларға қатысуы және олардың нәтижелері (2020–2025 жж.)»,

«Сарайшық» музей-қорығының бас инспекторы, археолог Айбек Тұрарұлы «Ғылыми жобалардағы далалық жұмыстардың нәтижелері»,

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті жанындағы «Х.Б. Табылдиев атындағы Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы» ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Марат Касенов «Сарайшықтағы 2025 жылғы археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелері»,

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы директорының орынбасары, магистр Жанар Диярова «Сарайшық музей-қорығының халықаралық байланыстары және оның ғылыми зерттеулерге ықпалы»,

музей-қорықтың ғалым хатшысы Амангелді Жұмабаев «Сарайшық аумағындағы археозоологиялық зерттеулер»,

музей-қорықтың аға ғылыми қызметкері Жүніс Байғалиев «Сарайшық ақша сарайы және оның таралымы»,

музей-қорықтың ғылыми қызметкері Карина Каримова «Сарайшықтан табылған әйел әшекейлері» тақырыптарында мазмұнды баяндамалар жасады.

Баяндамалар тыңдаушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап беріліп, мазмұнды пікір алмасу орын алды.