Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Saraishyq Upgrade 2023

Saraishyq Upgrade 2023

Бүгін “Сарайшық” музей-қорығына “Saraishyq Upgrade 2023” Халықаралық Жастар Форумы ұйымдастырушылары, спикерлері мен қатысушылары келіп, тарихи Сарайшық қаласының тарихымен танысты. Спикерлердің қатарында “Орда” тобының солисті, продюсер, актер – Ерболат Беделхан, Red Jolbors компаниясының соорганизаторы, ForteBank компаниясының маркетинг директоры – Антон Ким, Naimi.kz СЕО және бірге негізін қалаушы – Ерлан Есімсейтов, қазақстандық актер, “Nomad Stunts” каскадері – Жандос Айбасов болды. Экскурсия барысында арнайы ортағасырлық қала орнын аралап, тұрғын үйлердің, моншалардың, жерлеу орындарының қирандыларын өз көздерімен көріп, экскурсия аяқталғаннан кейін пікірлері мен алғыстарымен бөлісті.