SARAISHYQ MARATHON 2026

2026 жылдың 3 мамырында “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының Сапар орталығы алаңында Махамбет аудандық әкімдігінің қолдауымен «SARAISHYQ MARATHON 2026» өтті.
Аталған марафон 2025 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Биылғы жарысқа мыңға жуық адам қатысуда. Қатысушылар 5 км, 10 км және 21 км қашықтықтар бойынша бақ сынады.




