Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы РМҚК 2024 жылғы 29 қарашада көрнекті ғалым, академик, ұлттық археологияның негізін салушы Әлкей Марғұланның 120 жылдығына орай «2024 жылғы археологиялық зерттеу жұмыстары: оның барысы және алғашқы нәтижелері» тақырыбында онлайн (офлайн) форматта республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференция 2024 жылы жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстарының ақпараты, нәтижелері, жетістіктерінің мониторингіне арналады.

Конференция жұмысының тәртібі:

Конференияға тарихшылар, археологтар, өлкетанушылар, музей қызметкерлері, докторанттар мен магистранттар, студенттер сонымен қатар гуманитарлық ғылымдардың өзге де өкілдері қатыса алады. Конференцияның жұмыс тілдері қазақ және орыс тілдері.

Қатысу шарты: конференцияға қатысушылар өз баяндамасын 2024 жылғы 20 қарашаға дейін электрондық түрде Ұйымдастыру алқасына ұсынады.

Баяндамалар мәтінін Ұйымдастыру алқасының электронды адресіне жолдау қажет: tarix212@mail.ru (материалдарды редакциялау және жариялау мәселелері бойынша басты байланыс адресі)

Байланыс телефондары: 8 (71236) 255 06 – «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы.

Жауапты тұлғалар:

+7 708 821 87 80 – Жұмабаев Амангелді

+ 7 701 333 1053 – Тұрарұлы Айбек