Ресей Шығыстану институтындағы кездесу

Сарайшық музей қорық ғалымдары Ресей Ғылым академиясы Шығыстану институты «Шығыс тарихы» бөлімінің Бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор, белгілі шығыстанушы, ортағасыр маманы, іргелі «Золотая Орда: очерки истории и историографии» монографиясының авторы Александр Шайдатұлы Қадырбаевпен кездесті. Басты мақсат белгілі ғалыммен ортағасырлық Сарайшық тарихы бағытындағы бірлескен жұмыстарды талқылау. Кездесуге Шығыстану институты «Орталық Азия және Кавказды зерттеу» лабораториясының жетекші маманы, т.ғ.д. А.Ю. Быков қатысты.





