Пресс-тур

2026 жылғы 27 наурызда «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен «Ортағасырлық Сарайшықты зерттеу, сақтау, жаңғырту жұмыстары және келешегі» тақырыбында пресс-тур өткізілді.
Пресс-тур аясында қатысушылар ортағасырлық Сарайшық қалашығы орнында соңғы жылдары жүргізілген ғылыми-зерттеу және реставрациялық жұмыстармен, сондай-ақ олардың нақты нәтижелерімен танысты.
Іс-шараға Ресей Федерациясының Астрахань облысынан келген «Жолдастық» қоғамдық бірлестігінің мүшелері, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар мен өлкетанушылар, сондай-ақ бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Атап айтқанда: «Атырау», «Ақ жайық», «Жайық шұғыласы», Caspian News, Прикаспийская коммуна басылымдары, Atpress.kz ақпараттық порталы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің баспасөз қызметі, «Visit Atyrau» ұйымы және туризм саласының өкілдері шараға белсене қатысты.





