Ортағасырлық Сарайшық топырағы Түркістанға жеткізілді
Ортағасырлық Сарайшық тарихы Жошы Ұлысы (Алтын Орда), Ноғай Ордасы, Қазақ Хандығының тарихымен атасып жатыр. Сарайшық ХІІІ-ХV ғасырларда олардың астанасы болып, әлемдік дамуға өз үлесін қосты. Бүгінде зиялы азаматтардың ұйымдастыруымен еліміздің қасиетті жерлерінің топырағы Атырау облысы әкімдігі атынан Тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы басшысы М.Кипиев арнайы Түркістанға барып табыстады.




