Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Ортағасырлық Сарайшық мәселелері VIII Тарихшылардың ұлттық конгресінде көтерілді

Ортағасырлық Сарайшық мәселелері VIII Тарихшылардың ұлттық конгресінде көтерілді

10 желтоқсан Елордада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде VIII ТАРИХШЫЛАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ КОНГРЕСІ өтті. Конгресс қоғамдағы тұлғалар тарихына, оны жаңаша зерделеуге арналған. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтың Құттықтау сөзін Ғылым комитетінің төрайымы Ж.Құрманғалиева жеткізді. Конгресте Тарихшылардың ұлттық конгресі басқармасының төрағасы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Е.Сыдықов, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» директоры, саяси ғылымдардың докторы, профессор Ә.Рахымжанов, Егемен Қазақстан газетінің президенті, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Д.Қыдырәлі, Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі Б.Әбдіғалиұлы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор З.Қабылдинов, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институты директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Е.Әбіл, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ә.Мұқтар және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Ж.Артықбаев баяндама жасады. Әбілсейіт Қапизұлы Конгресте «Ортағасырлық Сарайшық және әлемдік деңгейдегі тұлғалар» тақырыбында баяндама жасап, әлемдік деңгейдегі тұлғалар, Жошы Ұлысы-Алтын Орда империясының билеушілері Берке хан, Жәнібек хан, Бердібек хан, Орыс хан, Тоқтамыс хан, Барақ хан, Ноғай Ордасының биі Едіге бидің, Қазақ хандығының хандары Керей, Жәнібек, Бұрындық, Қасым, Хақназар хандардың өмірі мен қызметін Сарайшықпен байланыстырды. Баяндама соңында «Хан моласына» байланысты соңғы зерттеулер талқыға шығарылды және 2021 жылы бірлесе атқарылар мәселелерді ұсынды.