«Ортағасырлық Сарайшық Қазақстан және шетел тарихнамасы призмасында: жетістіктері мен зерттеу мәселелері» атты 2-секцияның отырысы өтті.

Атырауда өтіп жатқан «Шығыс пен Батыс тоғысқан Сарайшық: Ұлы даладағы тарих және мәдениет» халықаралық ғылыми симпозиумы аясында «Ортағасырлық Сарайшық Қазақстан және шетел тарихнамасы призмасында: жетістіктері мен зерттеу мәселелері» атты 2-секцияның отырысы өтті.
Секцияда ортағасырлық Сарайшық тарихының деректануы, археологиясы, халықаралық зерттелу деңгейі және Жошы Ұлысы кезеңіндегі мәдени-өркениеттік үдерістер бойынша жетекші ғалымдар пікір алмасты.
Модераторлар:
• Сәбитов Жақсылық Мұратұлы, PhD, ҚР ҒЖБМ Жошы Ұлысын зерттеу институтының директоры
• Сапанов Сайфулла Жұмабайұлы, тарих ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, Х.Б. Табылдиев атындағы Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы ҒЗИ директоры
Баяндамашылар:
• Таймағамбетов Жәкен Қожахметұлы, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
• Гюндоғду Абдуллах, тарих ғылымдарының докторы, Анкара университетінің профессоры
• Унал Фатих, PhD, Орду университеті
• Каракулак Месут, профессор, Анкара Хажы Байрам Вели университеті
• Пашаоғлу Дерья Дерин, PhD, профессор, Карадениз техникалық университеті
• Байгунаков Досбол Сүлейменұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
• Ахметова Ұлжан Төлегенқызы, тарих ғылымдарының докторы, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры
• Дюсенов Бағдат Даниярұлы, PhD, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының аға ғылыми қызметкері
• Бижанова А.Е., тарих ғылымдарының кандидаты, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті
• Талеев Дөкей Әбдікерімұлы, тарих ғылымдарының кандидаты, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының жетекші ғылыми қызметкері
• Қасенов Марат Сейтжанұлы, тарих ғылымдарының кандидаты, Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі.
![]() |
![]() |





