«Ортағасырлық Сарайшық қаласы цитаделіндегі археологиялық нысанды қайта қалпына келтіру жұмыстары және олардың болашағы»

2020 жылғы 21 ақпанда «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының» ұйымдастыруымен «Ортағасырлық Сарайшық қаласы цитаделіндегі археологиялық нысанды қайта қалпына келтіру жұмыстары және олардың болашағы» атты ғылыми-әдістемелік кеңес өтті. Мақсат ортағасырлық Сарайшық қаласы цитаделінің солтүстік қақпасын қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу.
Ғылыми-әдістемелік кеңесте “Сарайшық” музей-қорығы директоры, т.ғ.д., профессор Ә.Мұқтар кеңес мақсаты және міндеттеріментаныстырды. Алғы сөзді Қазақстан Республикасының ғылымына еңбек сіңген қайраткер, археолог, т.ғ.д., профессор З. Самашев сөйледі. Қазақстандағы ортағасырлық қалалар археологиясының белді маманы т.ғ.д., профессор М.Елеуов Ортағасырлық Сарайшық қаласы цитаделіне қатысты өз пікірін білдірді.
Кеңеске Сарайшық қаласында археологиялық жұмыстар жүргізген астрахандық археолог В.Плахов, суретші П.Бюриков, Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Г. Арыстанова, Атырау облысы «Тарихи және мәдени мұраны зерттеу» орталығының басшысы М.Кипиев, археолог, т.ғ.к., М.Қасенов, Махамбет аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Н. Аруев, Сарайшық ауылы әкімі Н. Досқайыров, Түркістандық керамика шебері А.Рысбаев, музей ардагерлері, мекеме басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Кеңес қаулысымен цитадельдің солтүстік қақпасының реконстукциясын жобалау, “Қазқайтажаңарту” мекемесіне, реставратор мамандарға ұсынуға шешім қабылданды.





