Онлайн конференция сәтті өтті

«Сарайшық” музей-қорығының директоры, т.ғ.д., профессор Ә.Мұқтар “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен археологиялық зерттеулер қорытындылары негізінде “Қорық-музейлерінің Қазақстандағы археологиялық зерттеулерге қосқан үлесі” тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференцияға қатысып, Сарайшық музей-қорығының ғылыми жұмыстары, оның ішінде ортағасырлық Сарайшық қаласындағы жүргізілген археологиялық жұмыстар нәтижесі туралы баяндады.




