Оқушыларға танымдық дәріс оқылды
2021 жылғы 1 ақпанда “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкері Нұғманова Назгүл елдегі карантиндік шараларға байланысты мектеп оқушыларына онлайн дәріс өткізді. Назарбаев зияткерлік мектебінің 7-10 сынып оқушыларын ортағасырлық Сарайшық қаласының тарихымен таныстырып, қазба орны, музей жәдігерлері туралы әңгімелеп берді.




