Назарбаев зияткерлік мектебі оқушыларына музей-қорық жәдігерлері таныстырылды

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Қазақстан Республикасы Мәдениет қызметкерлері күніне орай «Ұлы Жібек жолы ізімен: Ортағасырлық Сарайшық» тақырыбында республика бойынша Назарбаев зияткерлік мектептерімен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында музей-қорық басшысы т.ғ.д., профессор Ә.Қ.Мұқтар мектеп оқушыларына музей-қорығының атқарып жатырған жұмыстары, болашақтағы жоспарларымен таныстырып, музей тарихына қатысты тың деректермен бөлісті. Осы кездесу барысында «Сарайшық» музей-қорығының ғылыми қызметкері Байғалиев Жүніс оқушыларды музей-қорық жәдігерлерімен таныстырды. Кездесу соңында оқушалар өздерінің сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Назарбаев зияткерлік мектептерімен болған кездесу өзінің жалғасын болашақта да таппақ.




