Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

«Музейге сый» акциясы

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы жариялаған «Музейге сый» акциясы барысында музей қоры жыл сайын толығуда. Бүгін де Сарайшық ауылының тұрғыны, Тәжірибе стансасында көп жылдар шаруашылық саласының маманы болып, зейнетке шыққан соң «Сарайшық» мешітінің имамы болған Қабдолфарихов Қабдел ағаның отбасы аналары Есенғалиева Дәметкеннің тігін машинасы мен тары қуырғанда араластыратын ағаш қалағын, Қабдел ағаның апасы Үнзираның қолымен тоқылған құрды музейге сыйға тартты. Ата – аналарының қолының табы қалған дүниені көпшілік көретін музейге тапсырырған келіні Бұлдықыз бен немересі Ескендірге алғыс білдіреміз.