Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

«Музейге-сый» акциясы 2020 жылы өз жалғасын табады

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы 2019 жылы музейдің жәдігерлер қорын толықтыру мақсатында «Музейге-сый» акциясын ұйымдастырды. Жыл қорытындысында аталған акцияның музей-қорық қорын 52 жәдігерге толықтырғаны анықталды. Олар этнографиялық, архив құжаттары, кітап коллекциялары. Сарайшық ауылының тұрғыны З.Қайрошеваның терме алаша мен алаша тоқитын қылышы, Бейбарыс ауылының тұрғыны Р.Темировтің кебежесі мен жастағашы киіз үйдің сәнін келтірсе, Бейбарыс ауылынан екі бірдей арба сыйлаған Ж.Шығаев музей-қорықтың этноауылына ерекше сипат берді. Музей қорықтың ғылыми қоры да құнды архив құжаттарымен толықты. Сарайшық музей қорығының 20 жылдығына орай өткізілген суретшілер сайысынан кейін музей қоры 4 картинаға артты. Жүлделі орын алған суретшілер Қ.Аманов, И.Арыстанов, Е.Бозжігітов, К.Отарбай өз туындыларын музейге сыйға тартып, қазіргі таңда оларды қалың көрермен тамашалауда. Аталмыш шара биыл, яғни 2020 жылы да жалғасын таппақшы. Сарайшық музей-қорығына жәдігер сыйлап, өзі тапсырған жәдігер тарихымен көппен бөліскісі келетін әрбір жанға бізбен хабарласуды ұсынамыз.