Музейге сый
Музейіміздің ғылыми қызметкері Ж.Байғалиев қорға өте құнды әрі ерекше жәдігерді өз атынан тарту етті. Бұл – ұлы жазушы, «Абай жолы» эпопеясының авторы Мұхтар Әуезовтің портреті тоқылған сирек кілемше.Мұндай өнер туындылары өткен ғасырдың екінші жартысында зиялы қауым мен мәдениет қайраткерлеріне құрмет ретінде арнайы шығарылатын. Енді бұл жәдігер Сарайшық музей-қорығының экспозициясын байыта түспек.Әріптесімізге мәдениетке деген жанашырлығы үшін алғыс айтамыз!




