Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Музей түні шарасына шетелдік меймандар да арнайы ат басын бұрды

Музей түні шарасына шетелдік меймандар да арнайы ат басын бұрды

 “Сары айдың сәулесінде…” атты Музей түні шарасына шетелдік меймандар да арнайы ат басын бұрды.

 Ресей Федерациясы, Астрахан облысынан келген “Жолдастық” қазақ мәдениет қоғамының өкілдері:  Төрағаның бірінші орынбасары — Бекмұханов Өмерзах Қабылұлы,  Қоғам мүшелері — Күлжүмүров Арон Хайретдинұлы мен Күдірбаев Ғаділбек Зиннатұлы, сондай-ақ, «Едіге» ноғай мәдени орталығы Астрахан облыстық жастар қоғамдық ұйымының төрағасы — Әлмұхамедов Ильдар Салаватұлы және қатысушы Айтмамбетов Рамиль Хасмитоллаұлы шараға арнайы қатысып, музей-қорық қорына ноғай суретшісінің картиналарын табыстады.

 Құттықтау сөз сөйлеген — “Жолдастық” қазақ мәдениеті Астрахан облысындағы өңірлік қоғамдық ұйымының төрағасының бірінші орынбасары Бекмұханов Өмерзах Қабылұлы музей-қорық директоры Ә. Мұқтарды “Жолдастық” медалімен марапаттады.