Музей мамандарының I Жазғы мектебі

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының жәдігерлермен таныстырушылары – Айкөркем Мұстажап пен Ләзат Бақтыгереева 2023 жылғы 22-23 тамыз күндері Түркістан облыстық Мәдениет басқармасының “Ұлы Дала елі” орталығында өтіп жатырған Музей қызметкерлерінің Жазғы мектебіне қатысуда. Елімізде алғаш рет ұйымдастырылатын республикалық Жазғы мектептің мақсаты – музей мамандары үшін жаңа әдістемелік алаң қалыптастыру, мамандардың біліктілігін арттыру, кәсіби байланыс орнату және идеяларды кәсіби мамандармен бірге талқылауға мүмкіндіктер жасау.




