Музей қызметкерлері «Qazaqstan» РТРК» АҚ Атырау облыстық филиалында эфирге шығатын қоғамдық-саяси және әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерге арналған «Nazar» ток-шоуына қатысты.
Бүгінгі талқылау Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласының 1 жылдығына орай, Атырау облысында жүзеге асырылып жатырған кешенді археологиялық жұмыстар, сондай-ақ жаңадан табылған архив құжаттарын пайдалану және жұртшылыққа насихаттау жайында болды.




