Музей-қорық жәдігерлер қабылдайды

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығы 2018 жылдан бастап «Музейге – сый» акциясын жүзеге асырып келеді. Осы уақыт аралығында музей қоры 100-ден астам құнды жәдігермен толықты. Бұл – акцияға үлес қосқан әрбір жанның тапсырған дүниесінің музей жәдігеріне айналып, көпшілік назарына ұсынылып, тарихымен бөлісуі. Бұл- сандық түбінде жатқан асылдарымыздың естелігімен танысып, өткен күннің бір үзік сырын шертуі.
Құрметті жерлестер, болашақта да осы акцияға атсалысып, көненің көзі-отбасылық құндылықтарыңызбен бөлісулеріңізді сұраймыз.






