Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Музей-қорық маманы онлайн конференцияға қатысты

Музей-қорық маманы онлайн конференцияға қатысты

2020 жылғы 23 желтоқсанда Батыс Қазақстан облыстық білім беру басқармасы “Білім беруді дамыту” орталығының ұйымдастыруымен Алтын Орданың 750 жылдығына арналған “Алтын Орда – Қазақ хандығының бабасы” атты облыстық ғылыми-практикалық онлайн-конференция өтті. Конференцияда “Сарайшық” музей-қорығының аға ғылыми қызметкері Амангелді Жұмабаев “Сарайшық – Ұлық Ұлыс Алтын Орданың астанасы” тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада Ұлық Ұлыс тарихындағы Сарайшықтың орны және қала тарихына қатысты архив материалдары, тың тұжырымдар жасау мүмкіндігі туралы айтылды.