Музей-қорық қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа байланысты жиналысқа қатысты

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Ә.Мұқтар мен заңгер Э.Урынбасарова 2021 жылдың 22 желтоқсанында М.Камзолдаевтың жүргізуімен өткен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі туралы» онлайн жиналысқа қатысты.
Жиналыста Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметіне жауапты тұлғаны тағайындау және Ережені бекіту туралы айтылды. Жоғарыда аталған мәселелер бойынша «Сарайшық» музей қорығы Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 16 бабының 3 тармағына сәйкес 2021 жылдың 25 қарашасында №101 бұйрығымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметіне жауапты тұлғаға мекеменің заңгері Э.Урынбасарованы тағайындап, Ережесін бекітті.




