Музей-қорық қызметкерлері марапатталды

“Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы қызметкерлеріне ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің марапаттары табыс етілді. Айгүл Қайреденова “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісін өңіріне тақса, Амангелді Жұмабаев, Назгүл Нұғманова, Сауле Бекешова “Құрмет Грамотасын” алды. Қызметкерлеріміздің еңбегін бағалап, қолдап отырған Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне алғыс білдіреміз. Әріптестерімізге марапат құтты болсын дейміз.






