Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Музей-қорық ғылыми қызметкерлері Сарайшық-Үргеніш көне керуен жолдар ізімен экспедицияға шықты

Музей-қорық ғылыми қызметкерлері Сарайшық-Үргеніш көне керуен жолдар ізімен экспедицияға шықты

1 маусымда “Сарайшық” музей-қорығы Махамбет ауданы әкімдігімен бірлесе Сарайшық – Үргеніш аралығындағы көне керуен жолы бойымен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында археологиялық экспедицияға шықты. Экспедиция Сарайшық – Күліш – Тасқұдық – Жәнібек – Білеулі – Шеңгелді – Таскешу – Бақашы – Ұшқан – Қосқұдық – Белдеулі – Құсшы тарихи ескерткіштері арқылы жүріп өтуді жоспарлаған. Экспедицияның құрамында: т.ғ.д., профессор Ә.Мұқтар, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінен т.ғ.д., профессор У.Ахметова, т.ғ.к., археолог М. Касенов, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы, доктор PhD, географ Э. Имашев, «Сарайшық» музей-қорығының археологтары А.Тұрарұлы, Ж.Байғалиев, А.Жұмабаев, Н.Жексенбаев бар.