Музей-қорық ғылым грантына ие болды
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым Комитетінің 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыруға дайындалған «Астаналық Сарайшық қаласы Жошы Ұлысының тарихи-мәдени мұра контекстісінде (ХІІІ-ХVІ ғғ.)» өтінімі Ұлттық Ғылыми кеңестен қолдауына ие болды. Жоба жетекшісі тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбілсейіт Қапизұлы Мұқтар. Осылайша, Ортағасырлық Сарайшық қаласының кең көлемде зерттелуіне Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі де қаржы бөліп отыр. «Сарайшық» музей-қорығы ғалымдарын ғылымдағы жетістіктерімен құттықтаймыз!




